Accessibility links

АҚШ жанама түрде Талибанды қаржыландырды


АҚШ Конгресі жариялаған баяндамаға сәйкес, Америка үкіметі Ауғанстандағы күзет фирмаларына ондаған миллион доллар ақша төлейді, кейін фирмалар ол ақшаны қарулы жасақтардың қолбасыларына береді, тіпті Талибанға беруі де мүмкін.


Сонымен қатар баяндамада атап көрсетілгендей, Ауғанстанның ішіндегі жүк тасымалын іске асыру үшін жеке-меншікті компанияларды жалдайтын Пентагонның қабылдаған жүйесі жұмыс істемейді


Тергеушілердің мәлімдеуінше, АҚШ әскеріне азық-түлік пен киім-кешек жеткізетін күзет фирмалары Ауғанстанның қатерлі аудандарында өздерінің қауіпсіздігін қорғау үшін ауған фирмаларына ақша төлейді. Ақша төленбесе, күзетшілер шабуылға тап болып келген.


Баяндамада күзет фирмаларына төленген ақшаның Талибан жасақтарының қалтасына түсетіні айтылады.


6 ай бойы жазылған бұл баяндама сейсенбі күні Конгрестегі тыңдауға ұсынылады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG