Accessibility links

Ақтау түрмесінен қашқан 21 тұтқынның 8-і ұсталды


Жаңа ақпаратқа сәйкес, Маңғыстау облысындағы қатаң тәртіптегі колониядан қашқан 21 тұтқынның 8-і қолға түсті.


Сейсенбі күні өткізген брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қалған тұтқындардың қайда жасырынғаны анықталады, оларды ұстау үшін заң мекемелерінің бірлескен шұғыл іздестіру шарасы жүріп жатыр.


Ерімбет ұсталғандардан басқа қашқындардың арасында өлгендері мен жаралыларының бар екенін растады. Бірақ олардың нақты санын және төтенше оқиғаның өзге жайттарын хабарламады.


Оның айтуынша, колонияның күзетілетін қабырғасына автокөлік келіп тоқтап, одан қарулы кісілер атып шығып күзетке оқ жаудырған. Күзет мұнарасында тұрған күзетші жеңіл жарақат алған. Күзетшілердің ішінен қаза болған ешкім жоқ.


Ерімбет колония басқармасына қарсы тәртіптік жаза қолданылатынын атап көрсетті.

AzattyqTV

Әлеуметтік желіге шолу

"Қызықстанның нұрлы жолдары"

XS
SM
MD
LG