Accessibility links

Израильді қорғайтын ұйым құрылды


Мадридте Израильді қолдайтын халықаралық қоғамдық ұйымның құрылғаны жарияланды. Штаб-пәтері Испания астанасында

болатын ұйым «Израиль достары» деп аталады, деп хабарлайды біздің тілшіміз.


Ондай ұйым құру бастамасын бұрынғы испан премьер-министрі Хосе Мария Аснар көтерді. Басқармаға АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Джон Болтон, Перудің экс-президенті Алехандро Толедо, италияндық сенатор Марчелло Пера сынды көрнекті саясаткерлер мен қоғам өкілдері, Нобель сыйлығының лауреаты кіріп отыр.


Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, ұйымның басты мақсаты – Израильді негізсіз қаралау мен антисемитизмге қарсы күресу.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG