Accessibility links

Құқыққорғаушылар қырғыз әскерилерін айыптады


Халықаралық құқыққорғаушы «Хьюман райтс Вотч» ұйымының мәлімдеуінше, қырғыз әскерилері Қырғызстанның оңтүстігіндегі рейд барысында оншақты адамды соққыға жыққан. Ұйым өкілі Анна Нейстаттың сөзінше, рейд барысында 12 адам ұсталған.

Рейд, Қырғызстанның уақытша үкіметі этникалық өзбектерден өз баспанасын қорғау үшін құрастырған баррикадаларды бұзуды талап еткеннен кейін болған еді.

Еске сала кетсек, Қырғызстандағы қырғыз-өзбек қақтығысынан 200-ден аса адам қаза болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG