Accessibility links

Мыңдаған өзбек азаматы Қырғызстанға қайтып жатыр


Өзбекстанның босқындар лагерлеріндегі мыңдаған өзбек азаматы Қырғызстанның Ош және Жалалабад облыстарына қайтып жатыр. Азаттық радиосы қырғыз қызметінің хабарлауынша, қырғыз шекарашылары 35 мыңға жуық өзбек босқынының қырғыз-өзбек шекарасынан өтіп, өз үйлеріне бет алғанын хабарлаған.

Маусымның 10-ында Қырғызстан оңтүстігінде басталған этникалық қақтығыстардан кейін шамамен 100 мың өзбек азаматы Өзбекстанға босып кеткен болатын. Зорлық-зомбылықтар нәтижесінде кемінде 208 адам қаза болып, мыңдаған адам жарақат алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG