Accessibility links

Мәскеу Минскіге газ тасымалын 60 пайызға қысқартты


Ресей Беларусқа тасымалданатын газдың көлемін одан сайын қысқартты. Бұған газға қатысты қарыз мәселесі себеп болып отыр.
Мемлекеттік "Газпром" компаниясының басшысы Алексей Миллердің мәлімдеуінше, сәрсенбі күні Беларусқа газ тасымалы 60 пайызға қысқартылған.

Ресейдің айтуынша, Беларусь газ үшін шамамен 200 миллион доллар қарыз. Ал Минск болса газ транзиті үшін Мәскеу бұдан да көп ақша төлеуі тиіс деп отыр. Сейсенбі күні президент Александр Лукашенко Беларусь арқылы Еуропаға өтетін Ресей газын тоқтатуды бұйырды.

Миллердің айтуынша, Беларусқа газ көлемінің азайтылуы еуропалық тұтынушыларға әсер етпейді.

Еуропа парламентінің президенті болса көгілдір отынның қысқартылуы Литва мен Польшаға және Германияға тасымаладанатын газ көлеміне әсер етіп жатыр деді.
XS
SM
MD
LG