Accessibility links

Қазақстан мәжілісі Ауғанстанға АҚШ-тың арнайы жүгін транзиттеу туралы келісімді мақұлдады


Бүгін Қазақстан парламенті мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға АҚШ-тың қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Қазақстан мен АҚШ президенттерінің сәуір айындағы келісіміне сәйкес, АҚШ-тың арнайы жүгін Ауғанстанға теміржол арқылы транзиттеу туралы екіжақты келісімге биыл маусымның 20-сында Астанада қол қойылған болатын.

«Бұнда «арнайы жүк» ұғымы дөңгелекті, қарусыз брондалған техниканы білдіреді. Келісім Ауғанстанды тұрақтандыруға бағытталады және Орталық Азия қауіпсіздігіне оң әсер етпек»,- деді Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров.

Оның айтуынша, транзит коммерциялық негізде іске асырылады. Яғни, АҚШ тарапы Қазақстан аумағынан тасымалдау кезеңінде қызмет, жұмыс және алып өтетін тауарлар үшін төлем жасайды.Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы парламент сенатына жіберіледі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG