Accessibility links

Қытай билігі Шыңжаңға ресми өкілдерін жіберді


Қытай билігіндегі Коммунистік партия бейбітшілік пен тұрақтылық туралы хабар тарату үшін елдің батысындағы Шыңжаң аймағына 10 мыңға жуық ресми өкілі мен ғалымдарын жібергенін хабарлады. Олар Шыңжаңдағы халыққа үкіметтің мектептер мен ауылдардағы, отбасылар мен мешіттердегі қолдау саясатын түсіндіреді дейді партия өкілдері.

Ауғанстан, Пәкістан және Қазақстанмен шекаралас Шыңжаң аймағында өткен жылы этникалық қақтығыстар орын алған болатын. 2009 жылдың шілде айындағы толқулар барысында ресми мәліметтерге қарағанда 197 адам қаза болған. Бірақ қуғындағы ұйғыр азаматтарының айтуынша, Қытай полициясы 800-ге жуық адамды атып немесе ұрып-соғып өлтірген.
XS
SM
MD
LG