Accessibility links

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Қоғамның «Назарбаев, кет» деп айтып келе жатқанына да он шақты жылдың жүзі болып қалды. Алайда осы сөзге тұрып жатқан Назарбаев бар ма? Есесіне осы сөзді есіткен сайын халыққа деген өз билігі арқылы қысымын күннен-күнге асырып келуде. Енді келіп өзіне жақын адамдар мен жанұясына қарсы ләм деуге болмайтын заңнама да шығарып отыр.

Бұл нені көрсетеді? Бұл осы билік басындағы адамның шындықтан қорқатынын, сол шындыққа тура қарай алмайтын, халық-қоғамды аяқ астына таптағысы келетін адамның тірлігін көрсетіп отыр.

Халықты қорқытып-үркітумен бір жыл ұстарсың, екі жыл ұстарсың ал үшінші жылы халық сол қорқытып отырған адамның өзін түрмеде «ұстауға» тура келгені кез-келген елдің тарихында бар емес пе?

Ермекке беріліп отырған жаза – бұл Қазақтың ата-бабасынан қалған жерлерінің басқа елдерге қаншамаға сатылып кеткені жөніндегі мағлұматтарды оның ашық көрсеткені үшін оған осындай ойдан шығарылған «қылмыстық жаза» десек те болады.

Арыс, Шымкент

(«Назарбаев, кет!» деп ұрандаған Ермек Нарымбаев төрт жылға түрмеге қамалды» деген мақалаға жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Заманымыздың Батыраштары мен Қотыраштары.

Олжас

(«Тоқтар Әубәкіровті өз атындағы көшеден қалай қуғандығы жөніндегі бейнежазба» деген мақалаға жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Иттердің иесі болса, Бөрінің Тәңірісі бар.
Қарғыс атсын сендерді, қорқаулар! Аққа құдай жақ, әділдік бәрібір келер, Ермекке істегендеріңді алдарыңа келтірсін!

Исатай, Қазақ елі

(«Ермек Нарымбаевқа үкім шықты» деген бейнежазбаға орай жазылған пікір)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG