Accessibility links

Қырғыздың арнайы қызметі ұлтаралық қақтығыстар үшін Бакиевтің туыстарын айыптады


Қырғызстанның қауіпсіздік қызметі бүгін елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің туыстарын исламшыл бүлікшілермен байланыс орнатып, ұлтаралық араздықты қоздырған деп айыптады. Арнайы қызмет мұндай тұжырымды растайтын ешқандай дәлел келтірген жоқ.

Қырғызстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы Кенешбек Дүйшебаев, бейсенбі күні Бішкекте өткізген брифингте, Бакиевтің туыстары ұлттық араздық тудыру үшін Өзбекстанның Ислам қозғалысымен байланыс орнатқан деп хабарлады. Бұған қоса, арнайы қызмет басшысы «Қырғызстаның оңтүстігінде тұрақсыздық орнату жөніндегі операция» үшін Бакиевтің туыстары бүлікшілерге 30 миллион доллар төлеген деп мәлімдеді.

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош және Жалалабад облыстарындағы қақтығыстар барысында 260 адам қаза болды, 2 мыңнан астам адам жараланды. Маусымның 10-ы күні түнде басталған қанды қақтығыстар бірнеше күнге созылды.

Бұған дейін БҰҰ Қырғызстандағы қақтығыстарды ерекше айыру белгісін қалдыруды жөн көрмеген беймәлім қаруланған топ ұйымдастырды деп хабарлаған еді.

Сәуірдегі үкіметке қарсы ереуілдерден соң елден қашып шығып, содан кейін отставкаға кеткендігін жариялаған Бакиев маусымдағы қақтығыстарға өзінің қатысы жоқтығын мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG