Accessibility links

Ресей президенті Медведев бүгін Обамамен кездеседі


Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін Вашингтонда АҚШ президенті Барак Обамамен кездеседі. Жүздесу барысында сауда айналымы мен инвестиция көлемін дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді деп жоспарланған. Одан соң екі елдің президенттері баспасөз мәслихатын өткізеді.

Сәрсенбі күні Медведев Калифорниядағы Силикон алқабында болды. Ресей президенті жоғары технологияға инвестиция тарту арқылы ел экономикасының мұнайға тәуелділігінен арылғысы келеді.

Cisco Systems компаниясы алдағы 10 жылда Ресейге 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция салатындығын, оның бір бөлігі ресейлік «Сколково» жоғары технологиялар орталығын құруға аударылатындығын жариялады.

Обама мен Медведев Иран және Солтүстік Корея тарапынан болуы мүмкін ядролық қауіп мәселесін, бұған қоса Қырғызстандағы тәртіпсіздіктерді шешу жолдарын талқылауы мүмкін деп хабарланды.

Обама мен Медведев осымен жетінші мәрте кездескелі отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG