Accessibility links

Алматыдағы қырғыздар референдумды қолдау акциясын өткізді


Алматы қаласындағы қырғыздар бүгін өз елінде жаңа конституция жөніндегі референдумды қолдау мақсатында жиын өткізді. Акцияға шамамен 200 қырғыз қатысты.

Акция барысында референдумды қолдау туралы ұранды сөздер айтылды. Бұған қоса, жиналған қауым Қырғызстанда сәуір ереуілдері кезінде және маусым айында Ош және Жалалабад облыстарындағы ұлтаралық қақтығыстар барысында қаза болғандардың рухына құран бағыштап, құрбандық шалды.

Қырғызстанның Уақытша үкіметі, елдегі шиеленіскен жағдайға қарамастан, жаңа конституция туралы жалпыхалықтық референдумды маусымның 27-сі күні өткізу туралы шешім қабылдады.

Референдумда үкіметке кең құзырет беруді қарастыратын заңды қабылдау-қабылдамау, сондай-ақ уақытша президент Роза Отунбаеваны президенттік қызметте 2011 жылға дейін қалдыру-қалдырмау мәселелері қаралады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG