Accessibility links

Папандреу: Афиныдағы жарылыс - террористік шабуыл


Афиныда азаматтарды қорғау министрлігінде болған жарылыстан бір күзетші қаза тапты. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, пошта арқылы жеткізілген бомба жарылған.

Жергілікті полицияның ақпараты бойынша, бомба министр Михалис Криссохоидистің кабинетінен бірнеше метрде жарылған. Министр оқиға кезінде кабинетінде болғанымен зардап шекпеді.

Жарылыстың жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ.

Греция премьер-министрі Георгиос Папандреу жарылысты "террористік шабуыл" деп бағалап отыр.
XS
SM
MD
LG