Accessibility links

Кристофер Коук АҚШ-қа экстрадицияланды


Ямайканың танымал есірткі бароны Кристофер Коук АҚШ-қа бейсенбі күні кешке экстрадицияланды. Ол есірткі таратты және заңсыз қару-жарақ сатумен айналысты деп айыпталып отыр.

Америка билігінің хабарлауынша, Коук жұма күні Манхэттенның федералдық сотына жеткізіледі. Коук өмір бойы түрме жазасына кесілуі мүмкін.

Коукті іздестіру операциясы Ямайкада бір ай бойы жүргізілді. Кингстондағы мафия жақтастары мен полиция арасындағы қақтығыстан 70-тен аса адам мерт болды.

AzattyqTV

Маңғыстау мұнайшысы

Жамбыл Бойбоздың пікірі

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG