Accessibility links

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

«Назарбаев, кет» деп ұран саласыздар – одан ұтқандарыңыз осы ма? Назарбаевтан қандай жамандық көріп жатсыздар. Еліміздің қамын ойлап жүрген беделді адамға тиісулеріңізді қоймайсыздар.

Ай, қазағым-ай, көре алмаушылықтарыңызды қоймайсыздар-ау. 1991 жылдан бері қаншама іс бітірілді. Осының бәрін ойластырып жүрген және бітірген адамды бүгінде кет деп ұрандайсыздар – бұл дұрыс емес. Сіз өзіңіз президент болғанда нені қатырамын дейсіз.

Біз, қазақтар, бір-бірімізге күніге жақсылық істеп келеміз де, күндердің күнінде бір жайттан жамандық істеп қоямыз – сонда істеп келген жақсылықтарымыз ұмытылып кетеді де, жамандық еске қалып қояды. Назарбаев сізге қандай жамандық істеп қойды? Қателік барлық адамда болады, тек кешіре білуіміз керек.

Елбасымызға сөз тигізбейікші, халайық. Президентімізбен, халқымызбен, елімізбен мақтанайық. Еліміздің тыныштығына қуанайық. Қырғызстан, Ауғанстан, Өзбекстан сияқты болмағанымызға шүкіршілік етейікші. Алла сізге нұрын жаудырсын.

Оқып шыққандарыңызға көп рахмет!

Рустем, Түркістан

(«Назарбаев, кет!» деп ұрандаған Ермек Нарымбаев төрт жылға түрмеге қамалды» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Жүрегім сезеді: Ермек те, Рамазан да, Мұхтар да және т.б. жақында түрмеден босайтын сияқты болады да тұрады. Әлде мені Интуиция ханым алдап жүр ме?..

Интуиция

(«Үздік үш комментарийге» жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Кет дегенге кете қоятын адамды тапқан екенсің, қасқаң-ай!
Күлдірмеші баланың былдырымен.

Аты-жөні көрсетілмеген

(«Назарбаев, кет!» деп ұрандаған Ермек Нарымбаев төрт жылға түрмеге қамалды» деген мақалаға орай жазылған пікір)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG