Accessibility links

Күйдіргі дертін жұқтырды деген күдікпен тағы екі адам ауруханаға жатқызылды


Павлодар облысында күйдіргі дертін жұқтырды деген күдікпен екі адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

24 маусым күні сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен 37 және 22 жастағы екі жігіт ауруханаға жатқызылған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта барлығы 10 адам ауруханаға жатқызылған. Олардың төртеуі - науқас, алтауы - науқастармен карым-қатынаста болғандар.

Маусымның 19-ынан 20-сына ауған түнгі сағат 2.30-да Ақсу ауданы Қаракөл және Ребровка ауылдарынан сібір жарасына шалдықты деген күдікпен 4 адам ауруханаға жатқызылып, екеуі ауруханада көз жұмған болатын.

Дәрігерлердің хабарлауынша, қазіргі уақытта қарым-қатынаста болғандардың саны 118 адамға жеткен.
XS
SM
MD
LG