Accessibility links

Обама: Ресей – сенімді әріптес


АҚШ президенті Барак Обама Ресей президенті Дмитрий Медведевті «сенімді» және «салиқалы» әріптес деп атады. Екі мемлекет басшылары Ақ үйдегі кездесуден кейін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

Бірақ Обама көзқарастарда түйіспейтін мәселелер бар екендігін атап көрсетіп, Грузиядағы жағдайды оған мысал ретінде келтірді. Бұған қоса, АҚШ президенті екі мемлекет Қырғызстанға гуманитарлық көмек беруге келіскендігін хабарлады. Обаманың айтуынша, Вашингтон мен Мәскеу «барлау және терроризммен күрес» саласында әріптестікті әрі қарай дамытуға келісті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG