Accessibility links

Грузия Сталиннің туған қаласындағы ескерткішін алып тастады


Грузия билігі Иосиф Сталин туған Гори қаласының орталығындағы диктатордың ескерткішін алып тастады.

Алты метрлік ескерткішті ауыстыру жұмыстары түнде жүргізілген. Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, полиция бұл маңға журналистерді жақындатпауға тырысқан. Қалалық әкімшілік өкілдерінің айтуынша, ескерткіш Сталин атындағы мұражайға көшіріліп, 2008 жылғы Грузия-Ресей соғысының құрбандарына арналған ескерткіштің орнына қойылады.

Совет одағында Сталинге табынушылық 1953 жылы диктатор өлгеннен кейін-ақ аяқталды, бірақ туған қаласындағы көптеген тұрғындар жерлесінің есімін әлі күнге дейін мақтан тұтады.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG