Accessibility links

«ҚазАқпарат» агенттігінің қызметкерлері наразылық жариялады


Ұлттық «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің қызметкерлері бүгін мерзімсіз наразылық акциясын бастады. Олар үш айдың жалақысы бойынша қарызды өтеуін талап етіп отыр.

Хабарларға қарағанда, агенттік қызметкерлері жұмысқа келгенімен олар өзінің кәсіби міндеттерін орындаудан бас тарты. Наразылық акциясы жалақы толық төленгенше жалғаса береді.

Өткен аптада «Қазақпарат» қызметкерлері байланыс және ақпарат министрлігіне хат жазып, жалақының 22 маусымға дейін өтелуін талап етті. Алайда үш айдың жалақысы агенттік қызметкерлерінің қолына тимеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG