Accessibility links

«Газпром» Лукашенконың талабымен келіспейді


«Газпром» Беларусь президенті Александр Лукашенконың талабымен келіспейтіндігін білдіріп, компания қолданыстағы келісімшарт бойынша ресейлік газ транзиті үшін қарызы жоқ деп хабарлады.

Бүгін Лукашенко «Газпром» компаниясынан газ транзиті үшін қарызды толық өтеуін талап етті. Беларусь басшысы қарыз төленбеген жағдайда ресейлік транзитті жауып тастайтындығын ескертті.

Бейсенбі күні Минск «Газпромнан» газ транзиті үшін 228 миллион доллар алғандығын растады. Бірақ Беларусь билігі ондаған миллион доллар төленбей қалды деп есептейді.

Бұның алдында Минск ресейлік көгіл отын үшін қарызын өтеген болатын, бейсенбі күні көрші елдің газы Беларусқа қайтадан толық көлемде тасымалдана бастады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG