Accessibility links

Румыния соты: зейнетақыны қысқарту - конституцияға қайшы


Румынияның конституциялық соты үкіметтің зейнетақы көлемін 15 пайызға қысқарту туралы жоспарын конституцияға сай емес деген шешім қабылдады.

Үкімет Халықаралық валюта қоры несиесінің талаптарын орындау үшін бюджет тапшылығын азайту жөнінде қатаң іс-шаралар туралы жариялады. Билік мемлекеттік қызметкерлердің жалақысының төрттен бірін қысқартуды қарастырып отыр.

Премьер-министр Эмил Бок, сот шешімінен соң, бюджет тапшылығын азайтудың жалғыз жолы салықты өсіру деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG