Accessibility links

Ош қақтығысынан қаза тапқандар саны 275-ке жетті


Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі ел оңтүстігіндегі ұлтаралық қақтығыстың құрбандары жөнінде жаңа мәліметтер таратты. Министрліктің хабарлауынша, этникалық жанжалдан 275 адам қаза тапқан, тағы ондаған адам хабар-ошарсыз кеткен.

Ош облысында 25 маусымға дейін енгізілген төтенше жағдай тәртібі тоқтатылды.

Референдум қарсаңындағы жағдай әзірге тыныш. Жексенбі күні елде конституциялық реформалар жасауға шақыратын референдум өтеді. Қырғызстандықтар президенттік өкілеттікті шектеп, елде парламенттік басқару жүйесін құру жөнінде дауыс береді. Сондай-ақ, Уақытша үкімет басшысы Роза Отунбаеваға 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін президенттік өкілеттікті беру мәселесін дауысқа салады.
XS
SM
MD
LG