Accessibility links

Күзембаев атындағы шахтадан тағы бір кеншінің мәйіті шығарылды


Бүгін Қарағанды облысындағы"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнына қарасты Күзембаев атындағы шахтада сәрсенбі күні болған апаттан кейін, екінші адамның денесі жоғарыға шығарылды. Бұл туралы сенбі күні Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап, «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша, шахтада соңғы кеншінің мәйіті жер бетіне шығарылып, шахтаны қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды.

Осыған дейін хабарланғандай, шахтада көмір мен метан газының лықсуынан, қопарылыс болған. Ол кезде жерасты кенінде 4 адам жұмыс істеп жатқан. Оның екеуі аман шығып, ауруханаға жатқызылды.

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорны 1990 жылдардан бері Қарағанды металлургиялық комбинатын басқарып отыр.Бұл компанияның меншігінде 15 көмір шахтасы мен бірқатар кен орындары бар.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG