Accessibility links

"Үлкен сегіздік" отырысында ядролық қару таратпау мәселесі қаралады


Бүгін «Үлкен сегіздік тобы» екінші кездесулерін Канаданың Торонто қаласында өткізбекші. Әлемнің өнеркәсібі дамыған сегіз елінің басшылары Иран мен Солтүстік Кореяға назар аудартып, ядролық қаруды таратпау және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқыламақшы.

Жұма күні «Үлкен сегіздік тобы» кедей елдердегі балалар өлімінің алдын алуға бағытталған бес жылдық бағдарлама бойынша 5 миллиард доллар бөлуге келісті. Канаданың Ханствилл қаласында қабылданған шешімге қоса тағы дамыған елдер мен қайырымдылық ұйымдары 2 миллион доллардан аса қаржы бөлетін болды.

«Үлкен сегіздік тобы» мен Торонтода ашылған «Үлкен жиырмалық тобы» жиынының басты тақырыптары экономика және қаржыландыру мәселесі болып отыр. Жексенбі күні «Үлкен жиырмалық тобы» ғаламдық экономика мәселесін талқылайтын болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG