Accessibility links

Кабулдағы жарылыстың себебі анықталды


Ауғанстан астанасындағы үкіметтік мекемелер мен шетелдік елшіліктер орналасқан ауданда орын алған қуатты жарылыстың кездейсоқ болғаны хабарланды.

НАТО бітімгершілік күштерінің өкілі Иан Бэкстердің айтуынша, жарылыс ауғандық көліктегі мина абайсызда іске қосылып кеткеннен болды. Оқиға орнындағы полицияның айтуынша, жарылыстан ешкім зардап шекпеген.

Алғашқы мәліметтерде жарылысты жанкешті жасаған болуы мүмкін деп хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG