Accessibility links

“Үлкен сегіздік тобы” Пхеньян мен Теһранды сынады


Жексенбі күні “Үлкен сегіздік тобы” Солтүстік Кореяның оңтүстік кореялық соғыс кемесін суға батырғанын айыптап, Иранды адам құқықтарын сыйлауға шақырды.

Өнеркәсібі дамыған сегіз елдің жетекшісі бірлесіп таратқан мәлімдемесінде, Иранды өзінің күдікті ядролық бағдарламасына қатысты ашық диалог жүргізуге шақырды. Сонымен қатар АҚШ, Британия, Франция, Германия, Италия, Канада, Жапония және Ресей елдерінің жетекшілері Газадағы жағдайға да назар аударған.

Қытай президенті Ху Цзиньтао өз елі Құрама Штаттармен жақынырақ байланыс орнатуды көздейтінін айтқан. Ол бұл саммит аясында бұл қарым-қатынастарды жақсарту тұрғысында үлкен прогрестер жасалғанын мәлімдеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG