Accessibility links

Обама қытайлық әріптесін Вашингтонға шақырды


Қытай президенті Ху Цзиньтао АҚШ президенті Барак Обаманың ресми шақыруын қабыл алды. Ақ үйдің хабарлауынша, екі ел ресмилері мемлекеттік сапардың мерзімін анықтайтын болады.

Екі ел басшысы Канададағы саммит аясында кездескен болатын. Қытай мен Құрама Штаттар бұған дейін ұлттық валютаның айырбас бағамы мен сауда мәселелерінде ымыраға келе алмай, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіспей келген.

Жақында Қытай өзінің ұлттық валютасы юанді АҚШ долларына шаққанда бұрынғыдан еркінірек бағамға жіберуге келіскен. Осыған дейін Бейжің өз валютасын қолдан төмендетіп ұстап отырған болатын.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG