Accessibility links

Ақтау түрмесінің қашқындары қолға түсті


Бүгін Маңғыстау облысының Шетпе кентінен 18 шақырым қашықтықтағы ескі құрылысты сағалаған түрмеден қашқан 13 адамның кеше түнде қолға түскені хабарланды.

Оқиға куәгерлерінің Азаттық тілшісіне хабарлағанындай, 8 тұтқын арнайы операция кезіндегі қарулы қақтығыста мерт болып, тағы 5 адам қайта қамауға алынған.

Еске сала кетсек, маусымның 22-сінде Ақтаудағы қатаң режимдегі түрмеден 21 сотталушы қашып шыққан еді. Оның 8-і сол кезде ұсталып, арасында қаза тапқандар мен жараланғандар болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG