Accessibility links

Қырғызстан: барлық босқындар елге оралды


Қырғызстан уақытша үкіметі елдің оңтүстігіндегі ұлтаралық қақтығыстан Өзбекстанға босып кеткен мыңдаған босқын толығымен елге оралды деп мәлімдеді.

Қырғызстан шекара қызметінің ресми өкілі Чолпонбек Турусбеков Өзбекстандағы барлық қырғыз босқындарының лагерлері жабылды деп айтты. Турусбековтың айтуынша, 75 мың 380 босқын Қырғызстанға қайтып оралған. Қалған 380-дей адам әлі ауруханада жатқандықтан әзірге Өзбекстанда қалып отыр.

Қырғызстан оңтүстігіндегі этникалық қақтығыстан нақты қанша адамның қаза тапқаны әлі белгісіз. Ресми өкілдер соңғы рет құрбандар саны 275 деп хабарлағанымен, адам шығыны одан көп болу мүмкіндігін ескертіп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG