Accessibility links

Мәскеуде үш инкассатор оққа ұшты


Бүгін Мәскеуде банк ақшасын жинайтын көлікке белгісіз біреулер шабуыл жасап, үш адам қаза тапты.

Тергеушілер Ресей банкіне тиесілі көліктің ішінде 10 рет оқ атылғанын, көлікте болған үш адамның бірден мерт болғанын айтып отыр.

Тергеуші Анатолий Багмет көліктің ішінен қаптарға салынған ақша табылғанын айтып, шабуылдаушылардың ақша алған-алмағаны белгісіз екенін мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG