Accessibility links

Ресей темекі қорабының сыртындағы ескертулерді көбейтпек


Ресей темекі қораптарының сыртына шылым шегудің денсаулыққа зиян келтіретінін айтқан ескертулерін ұлғайтып отыр. Енді жаңа заңға сәйкес, темекі шығарушы компаниялар қораптың алдыңғы жағындағы ескертулерді 30 пайызға көбейтіп, темекі қорабының сыртқы жағындағы ескерту сөздерін 50 пайызға ұлғайтуы тиіс.

Мұндай ескерту туралы өзгерістер осыдан тоғыз жыл бұрын Еуропа Одағында қолға алынған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресейліктердің 60 пайызы темекі тартып, шылым шегушілер саны бұл елде Совет Одағы құлаған 1991 жылдан бері өсіп келе жатқанын мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG