Accessibility links

Ирақ мұнай өңдеу зауыттарын салуға инвесторлар іздеп жатыр


Ирақ мұнай министрі өз елінің құны 23 миллиард доллар болатын төрт бірдей мұнай өңдеу зауытын салуға инвесторлар іздеп жатқанын мәлімдеді.

Жексенбі күні министр Хуссайн әл-Шахристани бұл мұнай өңдеу зауыттарының жоспарлы мүмкіндігі күніне 740 мың баррель мұнай шығару екенін айтып отыр. Бұл зауыттар соғыстан кейінгі Ирақтың мүмкіндіктерін ашуда айтарлықтай маңызды болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG