Accessibility links

Грузия билігі Сталиннің тағы бір ескерткішін алып тастады


Грузия билігі совет диктаторы Иосеф Сталиннің тағы бір ескерткішін орнынан алып тастады. Елдің батысындағы Ткибули қалашығындағы монумент осыдан екі күн бұрын Сталиннің туған қаласы Гориде құлатылған алып ескерткіштен кейін алынып отыр.

Хабарларға қарағанда, екі ескерткіш те ақпарат құралдарының назарын аудармау үшін әрі қоғамдағы наразылықтардың алдын алу үшін түн ортасында орнынан алынған.

Грузин үкіметі жас ұрпақ азаттықты қолдайтын батыстың құндылықтарын ұстанады әрі Сталин монументтерін орнынан алып тастауды қолдайды.

Совет диктаторы Иосеф Сталин 1953 жылы өмірден өткен.
XS
SM
MD
LG