Accessibility links

Назарбаев өз атындағы университетті ашты


Дүйсенбі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық деңгейдегі "Назарбаев университетін" ашты.

«Біз мұнда Қазақстанның бетке ұстар жастарын жинауға күш саламыз. Жастар осында оқуға талпынуы керек, - деген Назарбаев, - Мен университетке өз атымды беруге келістім, сондықтан мені бұл істе ұятқа қалдырмаңдар", - деп атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, университетте білім алудың орташа құны жылына 12 мың фунт, шамамен 18 мың АҚШ доллар тұрады.

Астананың сол жағалауында орналасқан жоғарғы оқу орнында студенттер, информация мен коммуникация технологиялары, ғарыштық технология, нанотехнология мамандықтары бойынша білім алады.
XS
SM
MD
LG