Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстан 15 адам мерт болды


Пәкістанның Хайдарабад қаласында жанармай таситын жүк көлігі жарылды. Соның салдарынан кемінде 15 адам қаза болып, 40 кісі жараланды.

Үкімет баспасөз хатшысынің мәлімдеуінше, елдің оңтүстігіндегі жарылыс лаңкестік әрекет емес, қайғылы оқиға болған.

Хайдарабад полициясының басшысы Фаяз Легаридің айтуынша, жанармай багы тиелген жүк көлігі қаладағы терминалға тоқтаған кезінде жарылған.
XS
SM
MD
LG