Accessibility links

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Біз осы біреудің кемшілігін айтып, өзгелерді оны қайталаудан сақтандырғымыз келсе, неге бірден тіл тигізу, жамандау деп есептейміз.

Назарбаевтың халыққа істеген жақсылығы да бар – оны кім жоққа шығарады. Алайда бұл оның қателігі болған жоқ деген ұғымды білдірмесе керек. Анау құдаларын есіртіп, шетінен миллиардер еткен кім? Қазақтың тілін өз елінде құл етіп қойған кім?

Әлім төре, Ақтөбе

(Үздік үш комментарийге орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Сәкен бауырым, өз тілінде сөйлеп, сені менсінбеген ұйғырға неге ренжисің? Сенің өз тіліңде сөйлей алмағаныңа ұйғыр кінәлі ме? Ал Шығыс Түркістан туралы бұл жерде әңгіме жоқ. Шығыс Түркістан мемлекетінің құлауына ұйғырлардың ешқандай қатысы жоқ. Онда билікке таласқанда ұйғыр да, қазақ та жоқ! Ал сенің айтып отырғаның - советтің қуыршағы «Үш аймақ үкіметі» дегенді айтып отырсаң, онда қателескенің! Ұйғырдың мұнда өз ана тілінде сөйлесе, оған неге ішің тарылды? Олар қазақша сөйлеу тиіс емес!

Көк түрік, Орхон

(«Ұйғыр – өз бауырым» деген блогқа жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Айналайын бауырым-ай, имандары қатаймаған деп не айтқың келіп тұр? Сонда имандары қатайғанда олар да өз өздерін жарып жіберуі керек пе еді?
Шынымды айтсам, ондай иманы құрысын! Нағыз мұсылман дінінде олай емес қой.

Қуат, Түркістан

(«Ақтау түрмесінен қашқандардың хикаясы қантөгіспен аяқталды» деген мақалаға орай жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG