Accessibility links

Ресейде мұғалімдердің аштық акциясы жалғасуда


Ресейдің Ульяновск облысында жергілікті биліктің бірнеше мектепті жабатындығына қарсы бір топ мұғалімнің аштық акциясы бесінші күн жалғасуда.

Облыстың денсаулық сақтау министрі Александр Никляев, 24 маусымнан бері созылып келе жатқан аштық акциясы оның қатысушыларының денсаулығына кері әсер етіп жатқандығын хабарлады.

Акцияға қатысушылардың бірі жүрек ауыруымен ауруханаға жатқызылған, кейбіреулерінде созылмалы ауырулары асқынған, дегенмен олар ауруханаға жатудан бас тартып отыр.

Ұсаздармен кездесуге өткен аптадан бері қала мэрі де, облыс губернаторы да келмеген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG