Accessibility links

Пан Ги Мун Иранмен келіссөздердің жандануын қалайды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Теһранға санкциялар енгізгеніне қарамастан Ирамен келіссөздердің жандануын қалайтындығын мәлімдеді.

Ұйым басшысының бұл мәлімдемесі, Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың, Иран өз ядролық бағдарламасына қатысты Батыспен келіссөздер жүргізуге дайын екендігін айтқаннан кейін жасалды. Келіссөздер үстіміздегі жылдың тамызынан кейін жүргізілмек.

Иран басшысының айтуынша, осылайша уақыт созу өзіне санкция салған Батысқа "сабақ" болмақ.
XS
SM
MD
LG