Accessibility links

Отунбаева халықаралық бақылаушылармен кездеспек


Қырғызстан Уақытша үкіметінің президенті Роза Отунбаева бүгін халықаралық бақылаушылармен кездеседі.

Ресми мәліметтерге сәйкес, жексенбі күнгі референдумда қырғыз сайлаушыларының басым бөлігі жаңа конституцияны қолдап дауыс берген. Ұсынылып отырған конституция президент құзырын азайтып, Орталық Азиядағы тұңғыш парламенттік республика құруды көздейді.

АҚШ, БҰҰ, Еуропа Одағы және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қырғызстанды елдегі конституциялық референдумды бейбіт жағдайда өткізгені үшін мадақтады.
XS
SM
MD
LG