Accessibility links

Назарбаев: Қырғызстандағы ұлтаралық қақтығыс аймақ үшін қауіпті


Қырғызстандағы ұлтаралық қақтығыс барша Орталық Азия елдері үшін қауіпті. Бұл туралы Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан ЕҚЫҰ-ның төзімділік және кемсітушілікті болдырмау жөніндегі жоғары деңгейдегі конференциясында мәлімдеді. Оның сөзінше, Қырғызстандағы қақтығыс аймақтағы тұрақтылыққа, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерге қауіп төндіреді.

«Халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күрес әлсіреуі мүмкін. Аймақтағы хаос пен тұрақсыздық, заңсыз есірткі айналымы, адам мен қару-жарақ сатушыларға қолайлы болып табылады, - деді Назарбаев.

Осы ретте, президент ұйым аясында тұрақты жұмыс істейтін төзімділік пен кемсітушілікті болдырмау жөніндегі орталық құруды ұсынды.
XS
SM
MD
LG