Accessibility links

Қытай мен Тайвань тарихи келісімге қол қойды


Қытай мен Тайвань сауда жөніндегі тарихи келісімге қол қойды. Бұл осыдан 60 жыл бұрын азаматтық соғыстан кейінгі тараптар арасындағы маңызды экономикалық келісім делінеді.

Экономикалық ынтымақтастық келісіміне сәйкес, шамамен 800 тауарға қатысты импорттық тарифтер алынып тасталады. Қытайға 14 миллиард долларға тауар жіберіп отыратын Тайвань бұл келісімде экономикалық тұрғыдан ұтып отыр.

Алайда осы күндері Тайванда бұл келісімге қол қоюға қарсы наразылық шарасы өтті. Наразы топ бұл келісім аралдың Пекинге тәуелділігін күшейтеді деп есептейді.
XS
SM
MD
LG