Accessibility links

Назарбаев: Қырғызстандағы референдум елдің тұрақтылығына негіз салады


Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдеуінше, Қазақстан маусымның 27-сінде Қырғызстанда өткен референдум елдің тұрақтылығына негіз салады деп үміттенеді.

Бұл туралы Назарбаев сейсенбі күні Астанада ашылған ЕҚЫҰ-ның төзімділік және кемсітушілікті болдырмау жөніндегі жоғары деңгейдегі конференциясында атап көрсетті.

"Біз референдум елдегі тұрақтылыққа негіз салады және Қырғызстан халқының тыныш, жақсырақ өмір сүруге деген үмітін ақтайды деп үміттенеміз", - деді Назарбаев. Қырғызстандағы соңғы оқиғалардың түбінде кедейшілік және төзімділіктің болмауы жатыр деп атап көрсетті Назарбаев.

Таяуда Қырғызстандағы этникалық қақтығыстарда жүздеген адам қаза тапқан болатын.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG