Accessibility links

Қызметінен алынған генерал АҚШ армиясынан кетпекші


Ауғанстандағы АҚШ күштерінің бұрынғы қолбасшысы генерал Стэнли Маккристал АҚШ армиясынан кетпекші. Маккристалды өткен аптада президент Барак Обама қызметінен босатқан болатын.

Бұған «Роллинг Стоун» басылымында жарияланған мақала себеп болған еді. Онда Маккристал АҚШ-тың бірқатар жоғары лауазымды ресми өкілдерін сынаған-тұғын.

Обама қызметінен алынған Маккристалдың орнына генерал Дэвид Петреусты тағайындады.
XS
SM
MD
LG