Accessibility links

Әулие-қошқар Еламан, болсаңшы маған талисман!


Гастарбайтердің блогындағы Еламан қошқардың суреті

Гастарбайтердің блогындағы Еламан қошқардың суреті

Астапыралла!!! Еламан атты қошқардың табиғаттан тыс күші бар деген ақпаратты оқыған боларсыз? Біреулер оны мұсылман тіліне салсаң – үлкен күнә, харам, ал эмпириокритицист үшін бұл – (о, масқара) ХХI ғасырда ескіден қалған, үрейге негізделген жабайылықтың көрінісі деді. Мүмкін… Кашпировский дедік, Чумак дедік, Сары әулие, Ақ әулие, Қошқар әулие, өлім әулие деді, бірақ мен Еламан қошқарға сенем…

Неге сенбеске? Қошқарда еш бір пайда табыс туралы ой жоқ – бір ма? Қошқарда саяси мүдде жоқ – екі ма? Қошқар сенің өзіңді қошқар қылып, қажет кезінде қылтаның кетер демей қылқ еткізіп жұта алмайды “ҮШ” де! Ал егер шынымен алдаған боп шықса да, қашып кетіп, көкесінің қойнында, немесе басқа мемлекетте тығылып жатпайды – ТӨРТ!!!

Пәлен жыл қатарынан алдап келе жатқан банктің жарнамасына сеніп, тағы да бар тапқаныңды бәйгеге тігіп, қармаққа түсіп жүрген сен ақымақ емессің – ал мен ақымақ екенмін, ия?! Саясаткерлердің «азық бағасы түсіп келеді», «жағдайымыз өсіп келеді» дегеніне ес-түссіз сенетіндер аңқау емес – ал мен аңқау екенмін сонда!

«Аллаһ жолында дінсіздерді қырып, балаларын зорласаңдар шахид болып жұмаққа түсесіңдер!» деп, наша шегіп ап қуып тұрған уаххабитке сенетіндер емес – моп-момақан биязы жануардың тегін еместігіне сенген мен топас екенмін ғой?

«Сендердің қолдарыңнан тонау, төбелесу, зорлау, бұйрықты орындаудан басқа б.. та келмейтіндігіне, сауатсыз сорлы мырқ екендіктеріңе Акаев/Бакиев (өз ыңғайыңызға қарай астын сызыңыз) кінәлі, соны құлатсаң бақытты боласыңдар» деп, кеше ғана «БИЗ ЭЛМЕНЕН» деген ұранмен тәртіп сақшысын тепкіге салып, бүгінде «тәртіп қорғаймыз» деп «ЭЛЬМЕНЕН» жүргендерді оққа бұйрған үкімет-сымаққа сенушілер Қошқардың күшіне сенетін мына менен қанша эволюциялық сатыға жоғары тұр екен?

Құдды бір шам ұстап көз-куә болғандай, Иса пайғамбардың Дәуіттің шәуітінен емес, Яхвенің жарқылынан жаратылғанына сеніп, біреуге ақыл айтарда Исламға сүйеніп, нәпсі қысқанда Тантраға сүйеніп, коньяктың кумарында Хаямның Омарына сеніп, Бекет ата, Зекет ата, Оқшы ата, Қыш ата, Райымбек батыр (по совместительству ол да әулие), Қошқар ата, Шақпақ ата, Қосай ата, Қараман ата, Сейсем ата, Масат ата, Мыңкісі ата, Бекбауыл ата, Есабыз ата, Арыстан баб, Қаңға Баба, Кенті Баба, Сұлтан Үпі, қысқасы, бас-аяғы Филип Бедросовичті санамағанда Алламызға 362!!! (ҮШ ЖҮЗ АЛПЫС ЕКІ!!!) серік қосып, «әуелі президент, одан соң әкімдерім» деген сияқты қарапайым иерархиялық пирамидалық қисын мен адамға тән өзін-өзі алдау қасиетінің тоғысуы нәтижесінде пайда болған «Әуелі Алла, одан соң әруақтарым!» деген сандырақтың авторлары Алланы бас пахан, ал әулиелерін «смотрящий» қылғанымен қоймай, мешітте «лә иллаһа илла аллаһ» деп емірене сыбырлап тұрғандар – есті де, ал мен – төрт түліктің пірі Шопан атаның нұрынан жаралған Қошқар Әулие Мария, кешірерсіздер, Еламанға сенгенім үшін наданмын ба? Кімге сенейін? Сағыныштан денесіне балаларының бейнесін татуировка қылған жігітке «Бұның ауыр күнә, сен тозаққа барасың!» деп алып, ал өзі үлкен қалада топырлаған жас «тоқалдарымен» ойнас құрып жүргенін айтып мақтанған мұсылман-сымаққа сенейін бе?

О, дарынсыз журналистер қауымы! Шыңғысханның қазақ екендігіне сендіре алмадыңдар, стратосферада көк тәңірі бар екеніне сендіре алмадыңдар, Үнділердің түркітілдес болғанына тағы да сендіре алмадыңдар, тіпті әжем жас күнінде паранджа киіп, танцполға шығып, қара жорғаға билегеніне де аса сене қоймадым, бірақ Еламан...

О, Еламан қошқар!!! Мен сенің артыңнан еремін, тек маған…

http://kozqaras.wordpress.com

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG