Accessibility links

Павлодарда тұрғын үй аумағынан артиллериялық оқ-дәрі табылды


Павлодар облысында ауыл тұрғыны өзінің шаруашылық қызмет атқаратын нысанынан 30-дан астам артиллериялық оқ-дәрі тауып алды. Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі хабарланып отыр.

Ақпаратқа қарағанда, Ленин кентіне дереу жеткен шұғыл әрекет етушілер, табылған заттар артиллериялық снарядтар екендігін анықтаған. Нәтижесінде, жақын маңдағы үйлерден 25 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, заттар ауыл шетіне шығарылды.

Республиканың қорғаныс министрлігінің саперлары келгенше аумаққа тәулік бойғы күзет қойылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG