Accessibility links

Бүгін - Конгода тәуелсіздік күні


Бүгін Белгияның бұрынғы отары - Конго Демократиялық Республикасы егемендігінің 50 жылдығын атап өтуде.

Мерекеге орай ел астанасы - Киншасаға БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун мен Белгия королі ІІ Альберт сынды құрметті қонақтар келеді деп күтілуде.

Дегенмен, ел азаматтарының көпшілігі күніне екі долларға күн көріп отырғандығын ескерсек, бұл тойды барша конголықтар атап өте алмайды.

Мемлекет, миллиондаған адамның өмірін қиған 1998-2003 жылдар арасында болған соғыстан әлі есін жиған жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG