Accessibility links

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Қазақстан зайырлы болғаны бар болсын! НӘН-ді дардай дәу қылып, елдің мойнына жаңа қамыт кигізіп жүрген жағдайда әлдекімдер дінді бүркеніп лаң салса не ғажап.

Қазақ болса өзіне жақпаған нәрсе, не болса сол болсын, одан басын алып қаша береді. Азамматтық қоғамның бастығы НӘН-дер болса, ата-баба діні ашық-шашық, жезөкшелік болып, елдің 90 пайызы жемқорлар мен сыбайластардың қанжығасына байланып халықтың 90 пайызы кедейлік күйдің күйігінде болған жағдайда әлгі бүлікшілердің жетегіне талай жандар шықса керек.

Қазақстанда тура билік жоғы айдан да анық. «Зекетсіздің малы сүндетсізге бұйырады» деп бекер айтылмаса керек. Қаржыны кез келген қарынбайлардан тіленіп алып, ел байлығын талан-таражға салған соң шығыс пен батыстан бәленің түрлі-түрлілері басқа түспей несі бар. Кеше коммунизм, бүгін либерализмді желеуретіп қазақтың түбіне жеткізіп бара жатқан биліктен елдің тентектері лаңкестерге ілеспесе қайтсын. Даузақтағы жыландардан айдаһарға тығылады екен ондағы соры қайнағандар деген аңыз бар. Ол тамұқ бұл былыққан өлке болмаса етті!

Қажы Мұқамбет Қаракедей, Иран (Горган)

(«Ақтау түрмесінен қашқандардың көбі өлтіріліп, түрме басшылығы қамауға алынды» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Біріншіден мұндай заңның қабылдануына билік мүдделі секілді, өйткені олар қашан да қандай да болсын ақпарат құралын бақылауда ұстағысы келеді.

Екіншіден ондай заң қабылдануы үшін елде кабельдік және спутниктік телеарналардың дамыған жүйесі болуы қажет. Ал дәл қазіргі жағдайда ондай даму көріп тұрған жоқпыз. Оның үстіне үкімет мұндай заң жобасын кабелдік телевидениені дамыту үшін қолға алып жатыр дегенге мен өз басым сенбеймін. Жаңа айтқанымдай бақылауда ұстағысы келетін болулары керек. Басқа ештеңе. Сондықтан да қабылдамай тыныш отырған дұрыс. Өзіміздің енді енді көтеріліп келе жатқан кабелдік арналарды жарға жығармыз.

Егер бұл мәселеге ұлттық мүдде тұрғысынан, яғни Ресей арналарының ақпараттық экспансиясына шектеу қою мәселесі тұрғысынан келетін болсақ онда бұл заңды қабылдауға екі қолымды көтеріп дауыс берер едім. Бірақ олай екеніне күмәнім бар. Орыстар шулап кетсе НӘН көкелер не істейді? Не деп айтады? «Халқым осы заң жобасын қолдап жатыр, қабылдайыншы» дей ме? Өйтіп айтуға ұялады ғой.

Қуат, Түркістан

(«Кабельдік және спутниктік арналар туралы заң қабылдау қажет пе?» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Бәрiне өзiмiз кiнәлiмiз. халық болып оз құқымызды қорғай алмаймыз. Ал сен не iстедiң?

Адай, Маңғыстау

(«Фридом хауз» Қазақстандағы авторитарлық жүйені сынады» деген мақалаға жазылған пікір)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG