Accessibility links

Германия жаңа президентін сайламақ


Бүгін Германия Федералдық жиыны өткен айда қызметінен кеткен Хорст Келердің орнына жаңа президент сайлайды. Бұл канцлер Ангела Меркельдің консервативті коалициялық үкіметінің беделіне сынақ ретінде қарастырылып отыр.

Коалиция президенттікке Төменгі Саксония әкімін, Меркельдің Христиан демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Кристиан Вулфтың кандидатурасын ұсынып отыр. Оның негізгі қарсыласы - оппозициялық Социал демократтар мен Жасылдар партиялары қолдауындағы белгілі саясаткер Йоахим Гаук.
XS
SM
MD
LG