Accessibility links

"Қызыл крест" Қырғызстандағы тұтқындармен кездеспекші


Халықаралық Қызыл крест комитетінің президенті Қырғызстаннан елдегі этникалық қақтығыстардан кейін қамауға алынған азаматтарды агенттік өкілдерінің көрулеріне мүмкіндік беруін сұрағанын мәлімдеді.

Бұл туралы Якоб Келленбергер Бішкекте Қырғызстан Уақытша үкіметінің жетекшісі Роза Отунбаевамен кездескен соң хабарлады.

Басқа да хабарларға қарағанда, БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер бойынша кеңсесі этникалық қақтығыстардан кейін өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған адамдарға дәрі-дәрмектер жетпей жатыр деп ескертті. БҰҰ-ның болжамы бойынша Қырғызстанда 375 мыңға жуық адам әлі өз үйлеріне оралмаған.
XS
SM
MD
LG