Accessibility links

Есіргепов аштық акциясын бастамақ


Тараз түрмесінде отырған тәуелсіз журналист Рамазан Есіргепов 6 шілдеде аштық акциясын бастамақшы. Ол аштықты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан Қазақстандағы адам құқықтарына қатысты жауап алғанға дейін жалғастыратын сыңайлы. Есіргепов бұл туралы аталған ұйымға жолдаған мәлімдемесінде айтты.

"Мен - ЕҚЫҰ төрағасы жүйесінің тұтқынымын, қазақстандық демократияның барлық түрін өз басымнан кешірдім. Қазақстандағы адам құқықтары жағдайына назар аударуға шақырамын", - деді Есіргепов.

"Алма-Ата ИНФО" газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов былтыр тамыздың 8-інде ҰҚК-нің құпиясын жариялады және таратты деген айыппен 3 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG